Записи

Екіқабат Мурена

Serik Booxikov Workshop Балхия Мухамеджанованың «Екіқабат Мурена»

Ер адамдардың басымдылық жасау негізінде құрылған қоғам, Қазақстанда аса көзге түсе бермейді. Бізде — бизнесмен, депутат, жетекші əәйелдер бар. Жарнама немесе туристік агенттіктердің директорлары, əәміркен, іскер əәйелдер. Психологиялық тренингтердің, фитнес жəәне футболдық матчтардың қатысушылары. Феминизмнің әйгілі қағидалық идеясына сәйкес келмесе де, өмірлік жолда әбден сіңген-жолдағы абатшылық, бизнесте жəне ойынсауықта.

Демалыс күндері балаларымен серуендеп жүрген əкелерді көптен-көп байқауға болады, оның жартысы «жексембілік əкелер» — екені мардымсыз.

Жанұялық мəәселе іште қамаулы, оған себеп- ол туралы аз айтылады немесе жазылады. Отбасылық зорлық, абысын- ажынның, көпбалалы аналырдың жағдайы туралы көп қозғалмайды.

Қазақстан өнерінде, əйел тақырыбы көбіне, шырайлы қыздардың салтанатты суреттерімен немесе 8- наурызға байланысты ұйымдастырылатын көрмелер, асүй еңбегіне байланысты барлық жиынтық, сəнге қатысты эксперименттер жəне агрессивті феминистік ойлармен ғана шектеледі.

Балхия Мухамеджанованың «Екіқабат мурена» атты жобасы — «əйел бақытының» сирек кездесетін талдау мысалдарының бірі. Негізінде бұның мағынасын ешкім біле бермейді, сондай-ақ, бұл формуланы құттықтауларда, түрлі мейрамдарда жəне өзара хаттамаларда белсенді қолдануда. Дегенмен «əйел бақыты» — дерексіз абстракция емес.

Екіқабат ахуалы- бірден-бір əйел адамның қуанышы, соның барысында əәйел ағзасы жəәне дүниетанымы, сыртқы əлемнің əсерінен шектеледі, бүліксіздік, тыныштық ішкі құпиялы жұмыс сипаттамасына иеленеді.

Əйелдің бүркеусіз тəні, доғал кескінді, бірқалыпты бейнесі, Мухамеджанованың жұмыстарында ірі көлемде, кенептің бүкіл аясы толтырылған. Қара қоңыр бейтарап рең- тек кереғар астар, жалғыз, ойдағы кейіпкерді айқын көрсетуге арналған, ол- жаңа өмір. Əрине, ойдағы кейіпкер- аңсап күткен перзент қана емес, ол шығармашылық идея немесе ғаламдық тұжырымдама болуы мүмкін.

Қазақстанның заманауй көркемөнер патриархы Рустам Хальфиннің «Тəннің тыныш өмірі» атты циклі болды, ол онда, қиын танылатын, микроскоп астында көрінетін, ұсақ бөлшектерді кенепке көшіруге тырысты. Балхияның айқындап қойған «Тəннің тыныш өмірі» керісінше — кеңістікке, космосқа, табиғатқа немесе ежелгі архаикаға көрініс . Ірі модуль, жергілікті түс, пішіннің сараң үлгілеуі- ойдың, түстің, кейіпкердің бірінші кенептен екінші кенепке, көркем сурет аясынан шынайы өмірге, еркін ағыс əсерін қалтырады.

Жоба ішінара тəәрізденуге байланысты — ірі кескінде, көзге жақын алынған, əйел адамның дене үйлесімділігінен, түстерден, тесік-тетіктерінен құралған. «Бақсылар» циклы әдетті үндестіктің ассоциациясын үзеді, қарапайым кескіндеме және иір- қиыр сызықтар, бақытқа дəмелену лəззат армандарға бөленеді.

Бақсылар əәр түрлі — қазақ, солтүстік бақсылар, бірақ оларды байланыстыратын ортақ қорқынышты, ежелгі, айуандық сезім бастамасы . Олардың жаңа өмірдің пайда болуға қатысы немесе əәлемнің жаратылысы, бұл — дəәл сол адам баласының əәлемдегі тіршілік сырын ұғыну мүмкінсіздігінде.